«Есірткіге жол жоқ!»

12 маусым күні Қостанай политехникалық жоғары колледжінде (ҚПЖК) «Есірткіге жол жоқ!» атты профилактикалық акция өтті. Іс-шара студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және психоактивті заттарды қолданудың алдын алуға бағытталды.

Акцияны ҚОПДО орталығының психологы Бисимбаева Г.А. жүргізді. Іс-шара барысында М-16 тобына арналған дәріс ұйымдастырылып, студенттерге есірткінің зияны, оның денсаулыққа әсері және болашақ өмірге тигізетін салдары туралы маңызды мәліметтер берілді.

Дәрістен кейін қатысушыларға салауатты өмір салтын қолдау белгісі ретінде футболкалар мен бейсболкалар таратылды. Одан әрі студенттер акцияның практикалық бөлігіне белсенді қатысып, ақпараттық парақшаларды алып, колледж кабинеттерін аралап, студенттер мен оқытушыларға таратты. Осы арқылы олар нашақорлық мәселесіне назар аудартты.

Акцияға 1Б-9, 1Б-8, 1СИБ-1 және 1СИБ-2 топтары қатысты. Өткізілген іс-шара жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруда және өмірлік құндылықтарды дұрыс таңдауда маңызды рөл атқарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *