Жоғары колледждің 10 студенті Анталияда халықаралық тәлімдемеден өтті

2018 жылдың сәуір-қазан айлар аралығында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің 10 студенті Түркия Республикасының Анталия қаласында Caspian Academy серіктестік туралы меморандум аясында тағылымдама бағдарламасына қатысты.

Тағылымдамадан өте тұрып, студенттер өздерін жақсы жағынан көрсете білді, жаңа елмен және мәдениетпен танысты және жаңа білім, тәжірибе, әсер алды. Тағылымдамадан өту үшін Гемпик Александр, Соколов Вадим, Егоров Алексей, Остапенко Никита, Бобровный Евгений, Батырова Айсулу, Давлетов Эльдар, Мензарипова Диана, Гомонова Татьяна, Мельник Валерия қатысты. Тағылымдамадан өту барысында студенттер өздерін оңды көрсетті және шетел серіктестерімен үздік тәлімгерлер ретінде атап өтілді. Тағылымдамадан өту қорытындылары бойынша сертификат алды.

27 қазан күні колледждің әкімшілігі тағылымгерлермен кездесті, онда тағылымдаманың әр қатысушы тұру жағдайлары туралы, түрік мейманханаларында жұмыс жасағандары жайлы әңгімелеп берді, басқа елде болу туралы әсерлерімен бөлісті. Қатысушылардың көбісі осы тағылымдамаға екінші мәрте қатысуға ниет білдірді.

Колледж студенттердің тағылымгерлермен кездесу кестесі жасалды, онда осы бағдарламаға әр ниет білдіруші тағылымдамадан өткен студенттерге сауалдар қоя алды.

Осы сәтте 2019 жылдың 1 сәуірінен 31 қазан айына дейін тағылымгер қатарына жаңа қабылдаулар жарияланды. Колледждің барлық студенттерінің Түркия мемлекетінде халықаралық тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар.

Ақпаратты А.Ж.Жаекбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries