Жоғары колледжде табысқа жету – мүмкін!

Жоғары политехникалық колледжінің студенттері бола тұра, тек оқуға ғана емес, сондай-ақ қоғамдық, спорттық, ғылыми-жобалық, мәдени-көпшілік қызметте табысқа жету жайлы Заречный а. және № 115 орта мектептерінің оқушылары білген болатын. 9 сыныптың түлектерімен кездесуде студенттеріміз Никита Остапенко және Ариман Шоторбаев колледж өздерінің қабілеттері мен дарындылықтарын ашуға көмек бергені жайлы баяндап берді. Заречный орта мектебінің түлегі болып табылатын Ариман өз мысалында колледждің студенті болу үлгісін көрсетті. Никита және Ариман хореографиялық және вокалдық іс-шараларына белсене қатыса отырып, 4 пен 5 оқиды! Оқытушылар Айгуль Ибатова және Гульсум Журсиналина колледжде болашақ мамандықтары бойынша даярлық жүргізілетіні туралы оқушыларды қызықтыратын ақпаратын ұсынды және жұмыспен қамту, колледждегі үйірмелердің болуы, өту балдары қандай екені жөнінде сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ колледжімізге саяхат жасауға шақырды.

Бүгінгі күні технолог, электрик, механик кәсіптері еңбек нарығында қаншалықты сұранысқа ие және бәсекеге қабілеттігі жайлы № 115 орта мектебінің оқушыларына арнайы пәндерінің оқытушысы Роза Утемисова баяндап берді. Колледждің халықаралық серіктестік аясында шетелдік білім беру орталықтарымен өткізіліп жатқан іс-шараларының өзектілігі мен болашағы туралы оқушылармен Динара Ахметжанова бөлісті.

 

Ақпаратты А.Сегизбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries