Жастарға кәсіпке бағдар беру

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Саналы Азамат» жобасын іске асыру аясында Әулиекөл және Таран аудандарының мектептеріне шығумен кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өткізілді.

Кәсіп таңдаудағы көмекті тек студенттер ғана емес, сонымен қатар оқытушылар да көрсетті. Мектептерде өткізілген іс-шараға жоғары колледждің үздік студенттері Никита Остапенко және Ариман Шутарбаев белсене қатысты. Өз өнерлерін көрермендер назарына ұсына отырып, студенттік өмір, спорттық секциялар мен іс-шаралар жайлы әңгімелеп берді. Бөлім меңгерушісі С.Н.Куницына колледждің мамандықтары, колледж мәртебесі жайлы баяндап берді. Оқытушы В.Нужин оқушылармен кәсіптік тренинг өткізді, өйткені көбісі бүгінгі күні болашақта өз жолын іздеу мәселесіне көңіл бөледі.

Колледж оқытушылары А.Молдахаликова, Д.Ахметжанова Әуликөл ауданы мектептерінің оқушыларына кәсіптік тұрғыдан кеңесін жүргізді.

Халықаралық ынтымақтастық аясында шетелдің жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыру мүмкіндігі туралы, колледждің ақпараттық сайты жайлы оқытушы М.Оспанова бейнеролик, презентацияны қолдана отырып, әңгімелеп берді. Тәжірибе меңгерушісі М.Сагумбаев колледж студенттерінің тәжірибеден өту және кепілдендірілген жұмысқа орналастыру мәселелері туралы ақпаратын ұсынды.

Әулиекөл және Таран аудандар әкімдігінің білім бөлімдер басшыларына және мектеп директорларына мектеп оқушылармен кәсіптік бағдар берудің кең көлемді жұмысын өткізуге мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз.  

Ақпаратты дайындаған Сегизбаева Ай-Гуль Сералиевна, биол. ғыл. кандидаты


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries