“Жас түлек-2019” бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Қостанай жоғары политехникалық колледжінде 2019 жылдың 18 ақпанында төмендегі мамандықтар бойынша «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізілді:

  • 1014000 «Машина жасау технологиясы» (түрлері бойынша). Біліктілігі: 1014023 техник-механик;
  • 1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі». Біліктілігі: 1216063 техник-технолог;
  • 1219000 «Нан пісіру, макарондық және кондитерлік өндірісі». Біліктілігі: 1219243 техник-технолог.

Іс-шараны өткізу мақсаты жоғары колледждің түлектерін жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету, әлеуметтік серіктестікті дамыту, облыс және қала кәсіпорындарын білікті жас мамандармен қамтамасыз ету болып табылады. 

Жәрмеңкеге барлығы 128 студент қатысты.

Жәрмеңкеге Қостанай облысының жетекші ЖОО шақырылды:

  • А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті;
  • М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті;
  • З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті.

Студенттерге грант және ақылы негізінде университетке оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау ережелері мен мерзімдері туралы, мамандықтар туралы, халықаралық тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беріліп, ақпараттық буклеттер таратылды.

Сондай-ақ, жәрмеңкеге әлеуетті жұмыс берушілер – студенттердің практика базалары болып табылатын жоғары колледждің әлеуметтік серіктестері де қатысты:

  1. «Баян Сулу» АҚ – Елена Михайловна Семенова, технолог;
  2. «Костанай трейд» ЖШС – Светлана Анатольевна Мурзаева, өңірдегі технолог;
  3. «СарыаркаАвтоПром» ЖШС – Амир Аблайханович Неспбаев, оқу орталығының меңгерушісі;
  4. «Олжа Агротехмаш» ЖШС – Ольга Сергеевна Тутукова, кадрлар бөлімінің инспекторы;
  5. «Baltik Control Kazakhstan» ЖШС – Серик Аканович Жумагулов, өңірлік директор;
  6. «Астыкжан» ЖШС – Игорь Алексеевич Калугин, өндіріс меңгерушісі;
  7. «Лопатина О.В.» МП, «Любимая Ева» кондитерлік цехі – Багила Сергазиевна Зиядина, кадрлар бөлімінің инспекторы;
  8. «Агро-Корм» ЖШС – Назим Алладинович Османов, директор;
  9. «Pioneer-Luxs» ЖШС- Сауле Кайратовна Ищанова, лаборант;
  10. «Астык трейд» ЖШС – Райша Тюлюбаевна Сагидуллина, өндірістік-технологиялық зертханасының меңгерушісі.

Іс-шара барысында түлек-студенттер жұмыс берушілердің талаптарымен танысты (шақырылған жұмыс берушілер болашақ қызметкерлерге өз тілектерін білдіріп, түлектерге жақсы ниеттерін білдірді), кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары жайлы ақпарат алды, өз түйіндемелерін ұсынды, жұмыс берушілер болашақ мамандармен жеке танысуға мүмкіндік болды. 

Колледж қабырғасында бітіруші топтарының студенттері жұмыс берушілерге өз түйіндемелерін ұсынып, олардың көкейінде жүрген сауалдарға толық жауап алуға, әңгімелесуден өту мүмкіндігіне ие болды.  Нәтижесінде олардың көбісі жұмыс берушіні таңдай отырып, алдын ала келісім жасасты.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі түлекке еңбек нарығы туралы бірінші түсінігін қалыптастыруға, өзі таңдаған кәсібі бойынша мүмкіндіктері мен болашағы туралы, әлеуетті жұмыс беруші компаниялар жайлы білуге мүмкіндік береді. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысқан жұмыс беруші ізденушінің түйіндемесімен сол жерде танысып, үміткерлерді іскерлік әңгімелесуге шақырды.   

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі жоғары колледждің басымды міндеті -бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылатынын көрсетті, ал түлектердің меңгерген мамандығына сәйкес жұмысқа орналасу – бұл Қостанай жоғары политехникалық колледжі қызметінің басты бағыттарының бірі. 

Кайпбаева Ж.Ш. Директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасарының м.а.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries