«Жас құрастырушылар-техника әлеміне» облыстық байқауы

2018 жылдың 29 қараша күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінің базасында «Жас құрастырушылар-техника әлеміне» атты қолданыстағы электрлендірілген үлгілер мен макеттердің облыстық байқауы өтті.

Құттықтау сөзін Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік жұмысын дамыту секторының меңгерушісі Қанағат Анварбекқызы Алекешова білдірді.

Техникалық байқауда Қалалық балалар шығармашылығы мектебінен, Лисаков техникалық колледжінен, Қостанай ауыл шаруашылық колледжінен, Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжінен, Арқалық политехникалық колледжінен, Федоров ауыл шаруашылық колледжінен, ҚИНэУ колледжінен,

Қостанай жоғары политехникалық колледжінен қолданыстағы барлығы 14 жоба ұсынылды.

Байқау қатысушыларының жұмыстарын құзыретті әділқазылар алқасы бағалады:

Игорь Владимирович Кошкин  – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті «Электроэнергетика» кафедрасының жетекшісі, техникалық ғылымдарының кандидаты;

Олег Александрович Ростиславов – М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті «Энергетика және машина жасау» кафедрасының аға оқытушысы;

Азамат  Алматұлы Байкенов  –  Межрегионэнерготранзит кәсіпорынының Қауіпсіздік техникасы мен төтенше жағдайлар бойынша инженері.

Байқаудың жеңімпаздары грамоталармен және дипломдармен марапатталды.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries