Жас педагогтар  мектебі аясында «Білім беру үдерісінде заманауи инновациялық технологияларды қолдану» шеберлік сыныбы

2022 жылдың 29 желтоқсанында колледжде жас педагогтар үшін “Білім беру процесінде заманауи инновациялық технологияларды қолдану” тақырыбында шеберлік сыныбы өтті. Оның негізгі мақсаты: жас педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру, білім беру процесінде инновациялық технологияларды қолдану бойынша тәжірибені қалыптастыру. Арнайы пәндер оқытушысы Ахметова Г.Б. өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті және қатысушыларды оқытудың негізгі интерактивті әдістерімен таныстырды. Google forms, LearningApps.org, Kahoot, Plickers, Quizizz, Studystack  сияқты интерактивті қосымшаларда тапсырмаларды қалай құруға болатындығын нақты көрсетті. 

Шеберлік сыныпқа қатысушылар электрондық білім беру ресурстарын құру –  педагогтың кәсіби өсуінің міндетті шарты болып табылатынын атап өтті. Сабақта да, үй жұмысы ретінде де қолданылатын интерактивті дидактикалық материалдар оқытушының  жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар білім алушылар үйренген материалды қайталап, өз білім деңгейін бағалай алуы үшін қажетті тиімді кері байланыс жасауға өте қолайлы.

                                                                      Руководитель  ШМП 

                                                                      Казиева  Умут  Жумагалиевна


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
170 queries