«Жаңаруға деген ынта – дамуымыздың негізгі қағидасы»

«Кәсіптер әлемі» атты республикалық жоба міндетінің өзектілін сезіне отырып, Қостанай жоғары политехникалық колледжінің оқытушылық ұжымы оқу аяқтайтын оқушылармен мақсатқа бағытталған жұмысын өткізіп келеді. Қай мамандықтың бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие екенін түсіндіру үшін мамандарымыз № 2 орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен кездесті.

Елбасы «жаһандық бәсекеге дайындалған және бейімделген адамдар ашықтық, прагматизм, бәсекеге қабілеттілік секілді сананы жаңарту қағидаларының басты жолбасшылары болатынына» сенімін білдіреді.

Оқушымен болашақ мамандықты таңдау үрдісінің маңыздылығын түсіне отырып, оқытушылар үнемі кәсіптік кеңес беру және кәсіпке бағдар беруді қолдап отырады.

Әңгімелесу барысында арнайы пәндерінің оқытушысы Александр Петрович Брагинец оқушыларға халықаралық серіктестік жайлы, шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігі жайлы, жоғары колледж мәртебесін алғаны жайлы және қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау нені білдіретіні жайлы баяндап берді. Өңірдегі мамандықтардың сұранысқа ие екені туралы, әлеуметтік серіктестігі жайлы, түлектеріміздің кепілдітүрде жұмысқа орналасуы жайлы бөлім меңгерушісі Галина Тайкова баяндап берді. Экономикалық пәндерінің оқытушысы Жанат Контробаева студенттік өмірдің қызықты да оқиғаға толы іс-шараларының жаңалықтарымен, студенттердің олимпиадаларға, ұлттық деңгейден әлемдік деңгейге дейінгі чемпионаттарына қатысу және олардың жетістіктері жайлы бөлісті.

Оқушылардың назарына колледж және оның мамандықтары туралы презентациялары пен жарнама буклеттері ұсынылды.

Ақпаратты Ай-гуль Сегизбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries