Жаңадан бастаған педагогтарге арналған шеберлік сыныбы

2022 жылғы 24 қарашада «Жаңадан бастаған педагогтер мектебінің» кезекті отырысы өтті. Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Кайпбаева Ж.Ш. жас педагогтарға “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары»  туралы айтып берді.

Колледж әдіскері Каркабатова С.Э. және ақпараттық-экономикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жүрсіналина Г.С. жас педагогтармен «Инновациялық технологияларды білім алушылардың оқу қызметін жандандыру құралы ретінде пайдалану» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді және өз  жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Оқытушылар «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін қолдану» және «Сабақтың әр түрлі кезеңдерінде Веб-қосымшаларды қолдану» тәсілдерін  көрнекі түрде көрсетті.

Жас мамандар білім берудегі ең оңтайлы әрі озық тәсілдерді қолдану білім  алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылық қабылеттерін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. 


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
166 queries