«Үздік педагог» атағын беруге арналған конкурстың II кезеңінің қорытындылары туралы

2022 жылғы 31 қазанда Қостанай облысының Өңірлік комиссиясы «Үздік педагог» атағын беру конкурсының II кезеңінің қорытындысын шығарды. Байқауға Министрліктің ақпараттық жүйесінде қалалық/аудандық, облыстық білім беру ұйымдарынан, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарынан, арнайы мектептерден, қосымша білім беру ұйымдарынан және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан облыс педагогтерінің 85 материалы орналастырылды.

Экономикалық пәндер оқытушысы Жаннат Дүсембиқызы Контробаеваның жетістіктері жоғары деңгейде атап өтілді – ол “Үздік педагог-2022” Республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы болып табылады.

Өңірлік комиссия мүшелері «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы №355 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес конкурстық материалдарды бағалады. Жеңімпаз педагогтар «Үздік педагог» атағын беру конкурсының III кезеңіне қатысатын болады.

Материалды директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Қайпбаева дайындады.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries