«WorldSkills Kazakhstan 2019» кәсіптік шеберліктің V Республикалық Чемпионаты

Қостанай жоғары политехникалық колледжінің командасы 2019 жылдың 11-15  қараша күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan 2019» кәсіптік шеберліктің V Республикалық Чемпионатына қатысты. Чемпионат кең көлемді деңгейде өтіп, зор табысқа жетті.

Еліміздің 17 өңірінен  400-ден астам (22 жасқа дейінгі) жас кәсіпқойлар WorldSkills 38 құзыреті (кәсібі) бойынша жарысып, таңдаған құзыретінде жүлделі орынға ие болу үшін бақ сынасты. Байқаудың қатысушыларына шамасымен 500 сарапшы өз бағасын берді.

«WorldSkills Kazakhstan» Чемпионаты білікті кадрларды даярлауда жаңа идеялар мен трендтерді шығарады, кәсіптік білім алу сапасын арттыру мүмкіндігіне және кәсіптік шеберліктің дағдыларын жетілдіру орталығына айналып отыр.

«WorldSkills Kazakhstan» міндеті – кәсіптік бағдар беру, кадрларды даярлау, сараптамалық қауымдастықтарды қалыптастыру және еңбек өнімділігін арттыру механизмдерін қосқанда халықаралық стандарттар негізінде техникалық кәсіптер бойынша жоғары технологиялық өнеркәсіп салаларын кадрлық қамтамасыз ету механизмдерін қалыптастыру.

Қостанай жоғары политехникалық колледжі 5 қатысушыдан тұратын командасын құрады:

  1. «Веб-дизайн» құзыреті бойынша – қатысушы Владислав Кулик, сарапшы-компатриот Е.Н.Тулегенов;
  2. «Графикалық дизайн» құзыреті бойынша – қатысушы Зарина Калиханова, сарапшы-компатриот М.К. Сагумбаев;
  3. «Кондитерлік ісі» құзыреті бойынша – қатысушы Жаннар Мурзахметова, сарапшы-компатриот Ж.Е. Балгужинова;
  4. «Нан пісіру шеберлігі» құзыреті бойынша – қатысушы Анастасия Малык, сарапшы-компатриот И.А. Рядинская;
  5. «Электромонтаждау» құзыреті бойынша – қатысушы А.Е. Калинин, сарапшы-компатриот С.Ж. Ибраева.

«WorldSkills Kazakhstan» – 2019 Чемпионатының қорытындылары бойынша біздің қатысушылар жүлделі орындарды жеңіп алды:

  • 1219000 «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі» мамандығы бойынша түлегіміз Жаннар Мурзахметова «Кондитерлік ісі» құзыретінде 1-орын, сарапшы-компатриот Ж.Е. Балгужинова;
  • 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша студент Владислав Кулик «Веб-дизайн» құзыретінде 3-орын, сарапшы-компатриот Е.Н.Тулегенов.

WorldSkills Чемпионаты қазіргі жастардың әлеуеті зор екенін, оқуға және ең озық технологиялар мен дағдыларды меңгеруге деген дұрыс ниетін көрсетеді.

Материалды Қостанай жоғары политехникалық колледжі директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Ш.Кайпбаева дайындады

 


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries