“ТЖ кезінде халықты құлақтандыру және спорттық іс-шараларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптар”

Біз әрқайсымыз өз қауіпсіздігімізді ұмытпауымыз керек, кез-келген  жағдайда өзімізді және жақындарымызды қиындықтан құтқара білуіміз керек!

Осыған байланысты 2022 жылғы 25 наурызда Қостанай облысының жоғары политехникалық колледжінің базасында Қостанай облысының орта-арнайы оқу орындарының білім алушылары үшін Қостанай облысы ТЖ департаментінің өкілдері ZOOM платформасында “ТЖ кезінде халықты хабардар ету және спорттық іс-шараларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары”тақырыптары бойынша интерактивті сабақ ұйымдастырып  өткізді.

Бұл сабақтың мақсаты-қауіп төнген және төтенше жағдайлар туындаған кезде білім алушылардың іс-қимылы мен әрекетімен таныстыру болды.

ТЖ департаментінің қызметкерлері жоғарыда аталған тақырып бойынша ақпарат берді. Балалар ТЖ кезінде қауіпсіздік қағидаларының барлық ұсақ-түйектері мен қыр-сырын ескеру қаншалықты маңызды екенін кейін талқыға салды.

Қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелерін, ТЖ кезінде өзін қалай ұстау керектігін, егер олар жазатайым оқиғаның куәгерлері болса, не істеу керек екенін қайталады.

Сондай-ақ, жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында балаларға шұғыл қызметтердің нөмірлерін еске салып, ТЖ кезіндегі іс-қимыл жадынамалары таратылды.

Ақпаратты дайындаған: Нұрқанов М. К.

Фатхудинов Р.Р.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries