«Тарих беттері» зияткерлік ойыны

«Рухани жанғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2017 жылдың 13 желтоқсан күні тарих пәнінің оқытушылары Овчинникова Ф.Б және Кузнецова Л.Ф  1 курс студенттері үшін ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Тарих беттері» зияткерлік ойынын ұйымдастырды.

Зияткерлік ойын ЭС-9,ТЗ-21, ТП-19 және Э-9 топтарының студенттерімен құрылған командалар арасында ой-өрісін кеңейту, қатысушылардың білімпаздықты, логикалық ойлауын тексеру, азаматтылық пен ұлтжандылықты, өз еліне деген сүйіспеншілік пен құрметін тәрбиелеу, заңға бағынышты азаматты тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

Ойын достық қарым-қатынаста өтті, студенттер ойынға деген зор қызығушылықтарын танытып, барлық қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп отырды. Зияткерлік ойынның барлық командалары грамоталармен марапатталды.

Өткізілген іс-шара жастардың мемлекеттің қалыптасу тарихы мен мемлекеттік нышандары жайлы үздік білімдерімен қатар, жастар қауымдастығын бұқарашылдандыруын, білім алушылардың тілдік және ойлау дағдыларын дамытуын, олардың шығармашылық әлеуеті мен ынтасын ашуын көрсетті.  

Ақпаратты тарих пәнінің оқытушысы Кузнецова Л.Ф дайындады 


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
170 queries