Таңдау жасау уақыты

Колледж студенттері мен оқытушылары мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кәсіптік бағдар беру жұмысын белсенді түрде жүргізуде. Кәсіп таңдау үшін «Озат» ақпараттық технологиялар мектебінің оқушылары «Веб дизайн» құзыреті бойынша алаңына барды, себебі бұл күндері «WorldSkills» облыстық чемпионаты өтуде. Оқытушы Бауржан Байгентов колледж бойынша таныстыру экскурсиясын өткізіп, колледжде оқытатын кәсіптердің келешегі жайлы баяндап берді. Колледж мұражайының құжаттарымен де таныстырды.

Білім беру кеңістігіндегі кәсіптердің түрлі тізімін түсіну өте қиын, сондықтан оқытушы Мақпал Ахмадиева №3 орта мектебі оқушыларының ата-аналарымен кездесті. Мақпал Бисембайқызы сұранысқа ие мамандықтар жайлы ақпарат берді, мемлекеттік тапсырыс, халықаралық серіктестік туралы баяндады. Қатысқан ата-аналарға жарнамалық буклеттер таратылып, бейнероликтер көрсетілді.

                                                     Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries