«Құтқарушы кәсібі – әрі қауіпті, әрі батырлық»

2020 жылдың 15 қаңтар күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Қостанай қ. № 1 СПЧ өкілі аға инженер, өртке қарсы қызметінің капитаны М.С.Байгужиновпен 2 курс ЭМ-5 студенттерімен сұхбат өткізілді.

         Кездесу қазақстандық өрт сөндірушінің, құтқарушының бейнесін насихаттау және оңтайландыру, сондай-ақ ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына күндізгі оқу формасы бойынша азаматтық жастар арасынан оқуға үміткерлерді іріктеу мақсатында ұйымдастырылды.

         Білім алушылардың іріктеуі қалай өтетіні, оқу орнына қабылдау ережелері, оқу мерзімі жайлы баяндалып, оқуға түсу шарттары жазылған буклеттер таратылды.

         Кездесу барысында студенттер бірқатар сауалдар қойып, оларға нақты және толық жауап алды.

Кім біледі осы кездесуден кейін біреуі болса да өзін игі іске, яғни құтқарушы кәсібіне арнар.

Мақаланы Фатхудинов Р.Р., Нурканов М.К.

дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
161 queries