«Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ!»

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлық кез-келген тұлғаның, қоғамның, тіпті тұтас мемлекеттің өркениетіне балта шабатын ауыр індет екендігі белгілі. Жалпы, сыбайлас жемқорлықпен күресу – жеке және мемлекеттік мүдделерді реттей отырып, қоғам болып жүзеге асыратын өте жауапты да маңызды шара болып табылады. «Ғасыр дертіне» айналып бара жатқан мәселені дер кезінде ауыздықтау – қоғам өмірінің өсуінің, дамуының бірден-бір кепілі болмақ.

Осы  мәселеге орай 02.11.2017 жылы оқу залында «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ!» тақырыбында   сыбайлас жемқорлықтың алдын алу   үшін 1 курс студенттері арасында тарих пәнінің оқытушылары  Ахметжанова Д.К.,  Жолдыбек Г.Ж. пікірталас өткізді.

Пікірталастың мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарауға және әділдікке тәрбиелеу. 

Пікірталас барысында сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағлұмат беріліп, сұрақтар қойылып студенттер  өз ойларын  еркін  ортаға салды. Бейнероликтер  көрсетіліп, мысал сұрақтар қойылу барысында студенттер жақсы пікірлер айтып белсенді түрде қызу талқылады. Білім алушылардың  сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлары тыңдалып, жастар  қоғам індетімен күресуге шақырылды.   

Ақпаратты дайындаған: тарих пәнінің  оқытушылары Ахметжанова Д.К., Жолдыбек Г.Ж.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
186 queries