Студенттерге арналған экскурсия

2019 жылдың 19 сәуір күні «Қостанай кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК 1 курс студенттері «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК келді. Әкімшіліктің өкілдері қонақтарды колледждің ішкі тәртібі мен Жарғысымен таныстырып, студенттеріміздің өндірістік оқыту және практикадан өтетін әлеуметтік серіктестеріміздің кәсіпорындары жайлы, халықаралық серіктестік жайлы баяндап берді. Практика меңгерушісі Ю.В.Матвиенко оқу дәрісханалары мен шеберханалар, «Кәсіпорындар мен азаматтық құрылымдардың электр жабдығын монтаждау және іске қосу оқу шеберханасы», «Электромонтаждау» құзыреті бойынша кабинет» және «Слесарлық шеберханасы» атауымен зертханалар бойынша экскурсия өткізді. Кітапхана меңгерушісі Н.Н.Терентьева жиналғандарға оқу залы мен электрондық кітапханасының қызметі туралы, абонементпен пайдалану ережелері туралы ақпарат берді. Студенттер асханада, спортзалда, оқу бөлімінде де болды.

Ақпаратты А.С.Сегізбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
164 queries