Жасөспірімге кәсіби өзін-өзі анықтауға көмектесу.

2023 жылғы 31 Қаңтарда № 22 қалалық мектепте Қостанай политехникалық жоғары колледжінің арнайы пәндер педагогтары Сағандықова Ж.Б, Курьерова М.П оқушыларда кәсіптік бағдар беру өзін-өзі анықтауды қалыптастыру мақсатында кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.

​9а, 9б, 9в, 9г және 11 сынып оқушыларына колледж педагогтары мамандықтар, қабылдау ережелері, оқу орны мамандықтарының қажеттілігі туралы айтып берді. Колледж педагогтарымен өзін-өзі анықтау мәселелері бойынша кездесуге мектептің 124 оқушысы қатысты. Бұл кездесу мектеп оқушыларының өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыруды жүзеге асырды. Кездесу барысында білім алушылар қызығушылықпен тыңдап, қызығушылық танытқан мамандық бойынша сұрақтар қойды.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
173 queries