Оқыту нәтижелері мен бағалау критерийлерінің өзара байланысы” тақырыбы бойынша шеберлік сыныбы

2023 жылғы 5 қаңтарда Қостанай жоғары политехникалық колледжінде директордың оқу жұмысы  жөніндегі орынбасары И.А. Щербакова және әдіскер У.Ж. Казиева мемлекеттік және орыс тілдерінде “Оқыту нәтижелері мен бағалау критерийлерінің өзара байланысы” тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.

Мақсаты: оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін бағалау критерийлерін қалыптастыру дағдысын дамыту.

Бағалау критерийлерін тиімді пайдалану үшін жұмыстың жоспарланған түрлері мен сабақтың мазмұны ескеріледі. Бағалау критерийлерінің әрқайсысы белгілі бір балл санына сәйкес келетін дескрипторлармен нақты сәйкес келуі керек. Дескрипторлардың жиынтық балл көрсеткіші 100 балға сәйкес келуі тиіс.

Оқыту нәтижелерінің, білім беру бағдарламаларын игеру нәтижелері, бағалау критерийлерінің сипаттамасы талданды, Блум таксономиясы бойынша ойлау дағдыларының деңгейлері қарастырылды.

Шеберлік сыныптың практикалық бөлігінде педагогтар (жұпта) оқыту нәтижелерін, бағалау критерийлерін, тапсырмаларды құрастырды, орындалатын жұмыс түрлерінің қиындық деңгейіне сәйкес әрбір дескрипторға баллдық баламаны анықтады, Блум таксономиясын ескере отырып, тапсырмаларға дескрипторларды қалыптастырды.

Материалды дайындаған  директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж. Ш. Кайпбаева


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries