Мамандық таңдау

Мектеп бітірушілер үшін көп қол жетімді мамандықтың ішінде саналы өмірлік таңдау жасайтын жауапты уақыт таяп қалды.

2023 жылдың 24 қаңтарында Қостанай политехникалық жоғары колледжінің оқытушылары М.Қ.Нұрқанов пен А.А.Шаракулова М.Хакімжанова атындағы No20 орта мектепте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Мектеп оқушыларымен сұрақ-жауап түрінде әңгіме өрбіді. Мектеп оқушылары Қостанай политехникалық жоғары оқу орнында қандай мамандықтар оқытылады, оқуға және тұруға қандай жағдай жасалғанын, студенттеріміздің бос уақытында немен айналысатынын және т.б. сияқты өздеріне қызықты сұрақтарын қойды.

Мұндай кездесулер көбінесе мектеп оқушыларына болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
163 queries