«Снайперлік шебі»

2018 жылдың 4 ақпан күні Қостанай құрылыс колледжінде Ауғаныстаннан кеңес әскерлерінің бөлек контингентін шығарылуының 29 жылдығына және ҚРҚК құрылуына 26 жылдығына орай кездесу Қостанай облысы әскери-патриоттық клубтары арасында пневматикалық қарудан ату бойынша чемпионаты өтті.

Аталған іс-шараға 7 әскери-патриоттық клубы, соның ішінде Қостанай жоғары политехникалық колледжінің «Жас-Ұлан» ӘПК студенттері қатысты. Ережеге сәйкес 2000 ж.т. 4 адам (ер балалар) және 4 адам (қыз балалар), сондай-ақ 1999 ж.т. және одан да үлкен жастағы 4 адам (ер балалар) команда құрамында әрекет етті. Ол ХП-9, ХП-13, ТЗ-21, ЭС-9, М-1, ТП-15 топтарының студенттері.

Іс-шара мақсаты қазақстандық ұлтжандылықты тәрбиелеу, ер балаларды ҚРҚК әскеріне дайындау, әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту, Қостанай облысының әскери-патриоттық және әскери-спорттық клубтарының жұмысын қарау болып табылады.

Пневматикалық қарудан атудан жарысында білім алушылар бақ сынасты.

Турнирдің қорытындылары бойынша қыздардың құрама командасы және ер балалардың (үлкен топтар) құрама командасы 3 орын үшін мадақтамамен марапатталды және жеке сынақта М-1 тобының студенті Битаев Алишер 3 орын үшін мадақтама және медальмен марапатталды.

 

Мақаланы АӘД оқытушылары дайындады: Фатхудинов Р.Р, Нурканов М.К


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries