«Әскери бөліміне экскурсия»

2018 жылдың 16 ақпан күні Қостанай қ. 6697 іскери бөлімінің базасында «Ашық есік күндері» атты республикалық акциясы өтті. Аталған акцияға Қостанай жоғары политехникалық колледжінің білім алушылары қатысты. Бұл М-3 және Э-7 тобының студенттері – 40 адам.

Аталған іс-шараның мақсаты – бұл жастардың әскери-патриоттық тәрбие, жедел әскери қызметін насихаттау, ҚК мәртебесі мен имиджін арттыру, қазақстандық әскери қызметкерінің бейнесін дәріптеу.

Экскурсия барысында ер балаларға Даңқ саяжолы көрсетілді және ұлттық гвардия батырлары жайлы баяндалды. Саптық алаңында әскери бөлімінің аймағында орналасқан қару, әскери техниканың макеттері көрсетілді. Бұдан әрі студенттер казармада болды, онда олар әскери қызметкерлердің ішкі тәртібімен және тұрмысымен танысты, сондай-ақ кинологиялық қалашығын аралады. Экскурсия соңында Петропавл жоғары әскери институтының курсанттарымен аталған оқу орнына оқуға түсу жөнінде кәсіпке бағдар беру жұмысы өткізілді.

Студенттер өте қуанышты болды және әскери қызметкерлерін қызықты экскурсия үшін алғысын білдірді. 

Осындай кездесулер, бірінші кезекте, өскелең ұрпаққа қажет. Олар жастардың ұлтжандылық сезімін, өз еліне деген мақтанышын тәрбиеледі, шынай патриот, Отан қорғаушысының бейнесін қалыптастырады.

Мақаланы АӘД оқытушылары дайындады  Фатхудинов Р.Р, Нурканов М.К


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries