«Сен жайлы жырым, Астана»

Биыл Қазақстан өз астанасының 20 жылдығын атап өтуде. Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өту аясында 16 наурыз күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Сен жайлы жырым, Астана» атты мәнерлеп оқу байқауы болып өтті. Іс-шара жас ұрпақты ұлтжандылыққа, туған жеріне, Отанына және оның астанасына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш етуге тәрбиелеу, студенттер арасында қазақстандық авторларының туындыларын дәріптеу мақсатында өткізілді.

Байқаудың қатысушылары қазақстандық авторларының поэзиялық және драмалық шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде мәнерлеп оқып берді. Студенттер жеке шығарған туындыларын да дайындап келді. Солай, ТП-18 тобының студенттері Максим Галиганов және Алина Туякпаева өз туындыларын оқып берді. Шығарманы көркемді етіп оқумен қатар әділқазылар алқасы әртістік, мәнерлеп оқу және шығарманы оқудағы бірегейлігін бағалады.

Байқау қорытындылары бойынша әділқазылар алқасы жүлделі орындарды төмендегі тәртіпте берді: 1 орын – Акмарал Каржаубаева (ЭБ-11 тобы), 2 орын – Жандос Елубай (ТП-17 тобы), 3 орын – Максим Галиганов (ТП-18 тобы), Алина Туякпаева (ТП-18 тобы), Турсынкуль Марат (ЭБ-11 тобы).

Барлық қатысушыларға болашақта шығармашылық табыстар мен шығармашылық шабыт тілейміз!

Мақаланы филологиялық пәндерінің ЦӘК оқытушылары Муслимова Ж.М. және Омарова А.С.дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries