Сәт сапар, түлектер!

2020 жылдың 28 ақпан күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде салтанатты іс – шара – 2020 жылғы түлектерге диплом табыстау рәсімі болып өтті.

Марапаттау рәсімінің мақсаты – сабақтастық, ұрпақтар ортақтығы, патриоттық және колледж дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Биылғы түлектер – 157 маман, олардың арасында нан пісіру, макарон және кондитер өндірісінің технологтары; элеватор, ұн тарту, жарма өндірісінің технологтары мен механиктері.

17 студент-түлек ерекше үлгідегі диплом иесі. Колледждің педагогикалық ұжымы өз түлектерін мақтан тұтады: барлық жыл бойы студенттер оқуда жақсы жетістіктерге жетті, олимпиадаларға , конкурстарға, спорттық жарыстарға қатыса отырып, өз шығармашылығын көрсетті.

Салтанатты жиынға Қостанай жоғары политехникалық колледжінің ардагерлер кеңесінің төрайымы Лидия Владимировна Кондратенко, “Baltik Control Kazakhstan” ЖШС Аймақтық директоры Серік Ақанұлы Жұмағұлов, “СарыарқаАвтоПром” ЖШС Қызметкерлерді оқыту және дамыту орталығының басшысы Меруерт Бисембайқызы Аубакирова қатысты.     

Іс-шара барысында колледж әкімшілігінен, оқытушылардан, студенттердің ата-аналарынан құттықтау сөздер айтылды.

“Поющие сердца” вокалдық тобы мен “Мирас” би студиясы көрермендерге халықтық және заманауи композициялар дайындады.

Колледжде оқуды аяқтау, диплом алу – бұл біздің балаларымыздың кезекті елеулі жетістігі. Студенттер, оқытушылар, колледж қызметкерлері біздің түлектеріміз үшін шын жүректен қуанышты және оларға армандарының орындалуын және үлкен өмірге бақытты жол тілейді.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries