Сәт сапар, түлек!

28.02.2018 ж. Қостанай жоғары политехникалық колледжінде 2018 жылдың түлектеріне диплом табыстау салтанатты іс-шарасы өтті.

Осы жылдың түлектері – 150 маман, олардың ішінде нан пісіру, макарондық және кондитерлік өндірісінің технологтары, элеватор, ұн тарту, жарма өндірісінің технологтары. 9 түлегімізге ерекше үлгідегі дипломдары табысталды.

Колледждің педагогикалық ұжымы өз түлектерін мақтан етеді: оқудың барлық кезеңінде олар оқуда олимпиадаларға, байқауларға, спорттық жарыстарға қатыса отырып, үздік жетістіктерін, өз шығармашылығын көрсетті.

Салтанатты іс-шараның қонақтары «Баян-Сұлу» АҚ президенті, басқарма төрағасы Т.М.Садыков, «Успеновское» шаруа қожалығының басшысы А.К.Сергеев, облыстық мәслихатының депутаты, А.Н.Фирсов, Қостанай ұн тарту бас директоры,  Б.Б. Искендирова, «Пионер – Люкс» ЖШС директордың орынбасары. 36 түлек дипломдармен қатар әлеуметтік серіктестерімізден жұмысқа шақыруларын алды. 

Колледждегі оқудың аяқталуы, диплом алу – біздің түлектеріміздің  кезекті салмақты жетістігі. Колледж студенттері, оқытушылары, қызметкерлері түлектеріміз үшін шынайы қуанышты және оларға ойлаған мақсаттарына жетуді және үлкен өмірге сәтті жол тілейміз!

 Сонарбаева Умтжан Ирдусовна, Қостанай жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries