Сұранысқа ие мамандықтар

Қостанай ауданының Заречный а. «Болашағыңды бүгін таңда» акциясы аясында «Қостанай облысының психологтар қауымдастығы» қоғамдық қорымен ұйымдастырылған кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өткізілді. Заречный орта мектебі-лицейдің, Затобол мектеп-гимназиясының және Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный ОМ 9 сынып оқушылары Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенттерімен мамандықтар туралы білу және болашақ кәсіптермен танысу үшін кездесті. Кәсіптік бағдар беру кездесуі колледж студенті, Заречный ОМ түлегі Ариман Шотарбаевтың орындауындағы «Алға, Қазақстан» атты музыкалық нөмірінен басталды. Концерттік бағдарламаны «Мирас» би ұжымының студенттері жалғастырды!

Студенттеріміз өлең айту, би билеумен қатар өз қолдарымен өнер жасай алады, оған іс-шара қатысушылары көз жеткізді. Акт залында оқушылар ҚЖПК оқытатын мамандықтар бойынша жабдықталған аймақтарын аралады. Мында электроэнергетика, машина жасау, нан пісіру, кондитерлік, элеватор және ұн тартатын өндірісі бойынша бағыттары бар. ТЗ тобының студенттері Диана Магзумова және Мадина Мадиғалидың жетекшілігімен оқушылар бидайдың зақымдануы мен шыны тәріздігін, сондай-ақ жедел әдісімен ұнның ылғалдығын анықтады. Оқытушы Ольга Брозе кондитерлік өнімдерін безендіру ерекшеліктерімен таныстырып өтті және қызығушылық танытқан оқушыларға өз қолымен жасауды ұсынды, оқушылардың барлығы белсенді қатысты. Қатысушылардың әрқайсысы өзімен кондитерлік өнімді немесе өз бетімен дайындаған және безендірген өнімді алды.

Қонақтарымыз зор қызығушылықпен колледж қызметі туралы, жұмысқа орналастыру туралы, студенттердің жетістіктері туралы бейнероликтерін тамашалады. Барлық қатысушылар колледждің мамандықтары туралы жарнама буклеттерін алды.      

А.С.Сегізбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries