Республикалық семианр-практикумда ТжКБ жүйесіндегі кәсіби кадрларды даярлау үрдісін жетілдіру аспектілері талқыланды

Үстіміздегі жылдың 14 маусымында Ақмола облысының  Щучинск қаласында Қостанай жоғары политехникалық колледжі директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары міндетін атқарушы Кайпбаева Жулдыз Шамильевна   «ТжКБ  жүйесіндегі кәсіби кадрларды даярлау үрдісін жетілдіру  аспектілері» тақырыбында өткен Республикалық семинар-практикумға қатысты. Семинарды  Ақмола облысының білім басқармасы мен  «Холдинг Кәсіпқор» КЕАҚ бірлесе ұйымдастырды. Семинардың жұмысына  республиканың 10 өңірінен  200 педагог  ат салысты. Алматы, Атырау, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан  облыстарының, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының колледж директорлары, директорлардың оқу және оқу-өндірістік  жұмыстарының орынбасарлары, оқытушылар және өндірістік оқытудың шеберлері  жаңа оқыту бағдарламаларын енгізу тәжірбиесімен, жұмысшы кадрларды дайындау үрдістерінің өзекті мәселелерімен бөлісті. Семинардың практикалық бөлімі 5 секцияға бөлініп өткізілді. Ақмола облысының педагогтары WorldSkills тақырыбында, оқытуда  CLIL әдісін, модульдық-құзіреттілік тәсілдерін қолдану бойынша шеберлік класстарын көрсетті. Республикалық семинар-практикумның қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

 

Материалды дайындаған: директордың  ҒӘЖ бойынша орынбасары м.а. Кайпбаева Ж.Ш.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries