Пірәндікті бейнелеу      

Пірәндік бұл аспаздық ғана емес, сонымен қатар бейнелеу өнері де болып табылады. Бұл хош иісті дәмді тәттілер – мерекелік сыйлық болатын. Шеберлер оларды айлакер өрнекпен басылған, ойылған, безендірілген және глазурьмен өрнектелген, өте әдемі етіп жасады. Пірәндік – арнайы қамырдан пісірілген ұннан жасалған кондитерлік өнім, дәміне қарай бал, жаңғақтар, мейіз, жеміс немесе жидек повидлосы қосылуы мүмкін. Пірәндіктің түрі – төртбұрышты немесе сопақ пішінді табақ болады, беткі жағында сурет бейнеленген.

2022 жылдың 15 сәуірінде арнайы пәндер оқытушысы Бондарева Нина Леонидовна пірәндікті бейнелеу бойынша шеберлік сабағын өткізді. Ол дәмді ғажайыптар жасағысы келген ақкөңілді әріптестермен, зімбір хош иісіне толы қонақжай атмосферада өтті.

Бұл іс-шара оқиғаларға толы болды! Қонақтар бастапқыда дайындау, пісіру, глазурьмен бейнелеу және қауіпсіздік шаралары туралы қажетті ақпаратпен танысып, қамырды өз бетінше жайды, ойықтардың көмегімен болашақ пірәндіктер өнімдерін пішіндеді де пісірді. Барлық оқытушылар өздерінің кондитерлік үздік туындысын үлкен ықыласпен және ынтасымен жасады.

Зімбір печеньесін безендіру шығармашылық пен жағымды эмоциялар толқынын тудырды! Өз қолымен жасалған тәтті үздік туындылары мен жақсы көңіл-күйді, қонақтар өздерімен бірге алып кетті.

Материалды дайындаған арнайы пәндер оқытушысы Бондарева Н. Л.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries