Педагогтерді аттестаттау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

Бүгінгі күні  Оқу-ағарту министрлігінің педагогтерді аттестатаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы бұйрық жобасы қызу талқылануда. Қоғамда осы мәселеге қатысты әр түрлі пікірлер айтылып жатыр. Әрине, айтылған пікірлер мен ұсыныстар ескеріліп, аттестаттау жүйесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні сөзсіз.

Мен  аттестаттау ережесінің басты ерекшеліктерін атап өткім келеді:  бірыңғай автоматтандырылған жүйе құрылып, қағазбастылық жойылады;   30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар және «педагог-шебер» санатындағы педагогтер біліктілік санатын растау кезінде барлық лауазымдардың педагогтері ПББ тапсырудан босатылады; білім беру саласындағы өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және кадр резервіне енгізілген педагогтерге лауазымға тағайындалған кезде аттестаттау рәсімінен өтпей «бірінші санатты басшы» біліктілік санаты беріледі. Енгізіліп отырған бұл өзгерістер педагогтердің үздіксіз дамуына  ықпал етеді деп ойлаймын. 

Әдіскер Казиева У.Ж.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
172 queries