Отбасы күніне арналған Челлендж

2020 жылдың 11-14 мамыры аралығында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитеті Отбасы күніне арналған «Менің отбасым» атты челлендж өткізді.

Іс-шараның мақсаты отбасылық қарым-қатынастың оң тәжірибесін тарату; жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және жеке қасиеттерін қалыптастыру және дамыту; қазіргі заманғы отбасы бейнесін қалыптастыру үшін жағдай жасау, отбасының рөлі мен маңыздылығын арттыру болып табылады.

«Отбасы үшін уақыт», «Менің отбасымдағы дәстүрлер», Отбасы дәстүрлері мен құндылықтары туралы әңгімелейтін тақырыптарға суреттер, бейнероликтер ұсыну қажет болды.

Іс-шара барысында колледж студенттері мен оқытушылары өз отбасының дәстүрлері мен құндылықтары туралы фотосуреттермен, бейнероликтермен бөлісті.

Әр отбасы осы іс-шараға шығармашылықпен келіп, барлық көрермендерге әр жағынан: бұл спортпен әуестену, кітаптарды бірлесіп оқу, сүйікті тағамдарын дайындау және тағы басқалар.

Челлендж «Отбасы-бақыт, махаббат және қамқорлық…» екенін тағы бір мәрте растады.

Челлендж нәтижесі бойынша колледждің әлеуметтік желілерінде орналастырылған құттықтау бейнеролигі дайындалды.

https://www.instagram.com/p/CAKjbyZnd8E/?igshid=kff85pf8md3m https://www.facebook.com/108660990698703/posts/150184689879666/


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
166 queries