“Отанды қорғау деген мамандық бар”

2021 жылғы 12 қазанда Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының өкілдерімен ТП-23, ТП-24, ТП-25, ЭС-14, ЭС-15, УЭС-16, Э-11, М-8, ЭБ-15 топтарының 3 курс студенттері арасында ақпараттық-насихаттау жұмысы жүргізілді.

Кездесу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу мақсатында ұйымдастырылды.

Жұмылдыру жоспарлау бөлімшесінің бастығы аға сержант Исмағұлов Ғұмар Әбубәкірұлы Қазақстан Республикасының орта-арнайы және жоғары әскери оқу орындары қандай екенін және осы оқу орындарына қабылдау және түсу ережелері туралы айтып берді.

Студенттер өз кезегінде бірнеше қызықты сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

Бұл іс-шара достық атмосферада өтті және студенттердің қызығушылығын тудырды.

 

Мақаланы дайындаған: Нұрқанов М. К.

                                                                                               Фатхудинов Р.Р.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
169 queries