“Отанды қорғауға дайын бол»

2021 жылдың 06 мамырында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде атыс дайындығынан жарыс өтті.

Іс – шараның негізгі мақсаты-жастарды патриоттық тәрбиелеу және оларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге дайындау.

Алғашқы әскери және технологиялық дайындықтан үйреніп білгендерін көрсетуге 1 курс студенттері шақырылды. Жарысқа ТП-28, ТП-27, ЭМ-6, ХП-19, Э-12, ЭБ-16, ЭС-17, ХП-20, ТЗ-25,ТЗ-26 топтары қатысты.

Жарыс үш кезеңнен тұрды: Калашников автоматын жартылай бөлшектеу мен жинау, оқжатарды оқпен жабдықтау және пневматикалық винтовкадан ату. Мұнда балалар нормативтерді орындау кезінде жақсы нәтижелер көрсетті.

Жарыс қорытындысы: I орынды ХП-19 бен ХП-20 тобы, II орынды-ЭБ-16 және ТП-28 тобы, III орынды ТП-27 мен ТЗ-26 тобы иеленді.

Жарыс жүлдегерлерін құттықтаймыз және барлық қатысушыларды белсенді күрес пен командалық рух үшін алғыс айтамыз. Жарайсыңдар!

Мақаланы дайындаған: Фатхудинов Р. Р.

Нұрқанов М


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
164 queries