Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенттерінің «Атамекен» ҚР ҰКП бизнес-тренерімен кездесуі

2018 жылдың 26 ақпан күні «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Руслан Ищановпен кездесу өткізілді.

Кездесудің тақырыбы «Кәсіпкерлік қызметте бизнес жоспарлау: практикалық аспектілері» болды.

Кездесу мақсаты – өз ісін ашудағы мүмкіндіктері жайлы, оны жүргізудің толықтығы, мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті қолдау тәсілдері, соның ішінде бизнесті гранттық қаржыландыру бағдарламалары туралы баяндау.

Студенттер Қостанай облысында несиелендіру және гранттық қаржыландыру бағдарламалар қатысушыларының жетістіктер тарихын  білді.

Тыңдаушылар «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға қатысу үшін шақырылды, оның басты мақсаты әр қатысушының талдау, түзетудің барлық кезеңдерінен өтетін және іске асыруға дайын болатын бизнес жоспарын жазу болып табылады.

Кездесудің аяқталуымен қатысушылар бір-бірін іс-шараға қатысқаны үшін алғыс білдіріп, бастаушы кәсіпкер курстарында кездесуге сенімін білдірді.

 

Ақпаратты арнайы пәндерінің оқытушысы Ж.Д.Контробаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries