Қостанай жоғары политехникалық  колледжінің оқытушысы “Үздік педагог-2022” республикалық байқауының жеңімпаы атанды

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі “Үздік педагог” республикалық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты – озық мұғалімдерді анықтау, қолдау және көтермелеу, педагогикалық тәжірибені тарату және педагог еңбегінің беделін арттыру.

Еліміздің үздік педагогтарының есімдері 2022 жылғы 18 қарашада Астана қаласының Radisson қонақ үйінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің қатысуымен салтанатты марапаттау рәсімінде жарияланды.

“Үздік педагог-2022” республикалық байқауының жеңімпазы құрметті аттағын Қостанай жоғары политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Жаннат Дүсембиқызы Контробаева иеленді.

Жаннат Дүйсембиқызы -Қостанай облысы мен Қазақстан Республикасының еңбек нарығы үшін жоғары білікті мамандарды даярлау жөніндегі игі миссияға қатысатын      ұлағатты ұстаз.

Жаннат Дүсембиқызының жеңісі заңды.

Жаннат Дүсембиқызының педагогикалық еңбегі облыстық деңгейде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының грамоталарымен ғана емес, республика деңгейінде де атап өтілді, педагог ҚР Білім Министрінің грамотасымен, “ТАЛАП” КЕАҚ дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Қостанай жоғары политехникалық колледжінің педагогикалық ұжымы Жаннат Дүсембиқызын лайықты жеңісімен және “Үздік педагог-2022” атағын алуымен  шын жүректен құттықтайды.

Педагогикалық қызметте үлкен жетістіктерге жете беруін тілейді.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries