Қостанай жоғары политехникалық колледжінің аттестаттау комиссия отырысы

2019-2020 оқу жылында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің педагогтары «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына сәйкес аттестаттау процедурасынан өтеді. 2019 жылдың 01 қазан күні өткен аттестаттау комиссиясын ұйымдастыру отырысында аттестатталатын педагогтардың ашық сабақтарды өткізу жоспары, тәжірибені жалпылау жоспары мен аттестатталатын педагогтардың басылымдар медиа-жоспары талқыланып бекітілді. Директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш.Қайпбаева 2019-2020 оқу жылына оқытушылардың аттестаттаудан өту бойынша ЦӘК жұмысын ұйымдастыру үлгісін ұсынды.

Қазан айынан желтоқсан айына дейін жоғарғы, бірінші және екінші санатты педагогтардың ашық сабақтары өткізіледі. Қаңтар айынан бастап наурыз айына дейін педагогтар аттестаттауаралық кезеңінде педагогикалық қызметінің сараптамалық есебін дайындап, өз портфолиоларын әдістемелік кабинетіне Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасында бұдан әрі қарауына тапсырады.

Ақпаратты оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Б.З.Аяғанова дайындады

 


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Тұтынушылардың құқығын қорғау
163 queries