Қостанай жоғары политехникалық колледжіндегі ғылыми форум – орта кәсіптік білім беруді дамытудағы жаңа идеялар мен жоспарлар

2021 жылдың 15 сәуірінде колледж тарихында «Заманауи орта кәсіптік білім беруді жаңарту жағдайында дамыту» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының өтуімен белгіленді.

Ғылыми форум маңызды мерейтойлық даталарға – Қостанай жоғары политехникалық колледжінің құрылғанына 50 жыл және Қазақстанда білім беруді дамытудың бастауында тұрған, біздің ұлы жерлесіміз, тұңғыш қазақ педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орайластырылды.

Конференцияның мақсаты Қазақстан мен жақын және алыс шетелдерде орта кәсіптік білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттарын сындарлы талқылау, сондай-ақ орта буындағы білікті мамандарын даярлаудың инновациялық, шығармашылық және өзіндік тәжірибесінің презентациясы болды.

Пленарлық отырыс жұмысына Ресей, Қытай және Финляндиядан келген білім басқармасының, жоғары оқу орындарының өкілдері, әлеуметтік серіктестер, әріптестер қатысты. Баяндамаларда орта кәсіптік білім беру жүйесін дамытудағы заманауи әлемдік трендтер белгіленді, елдердің инновациялық индустриялық экономикасы үшін жоғары білікті кадрлар даярлау процесін жаңғыртудың стратегиялық идеялары айтылды.

Конференцияның жалғасында секциялық отырыстар өтті. Секциялар жұмысы әрдайым жандылығымен және талқыланатын мәселелердің кең ауқымымен ерекшеленетінін мойындау керек. Және бұл өте орынды, өйткені секциялар жұмысына көптеген адамдар қатысады.

Біздің форум да ерекшелік емес – секцияларда стратегиялық мәселелер – техникалық және кәсіптік білім берудің тәсілдерін, қағидаттарын, мақсаттарын, мазмұнын жаңарту, сондай-ақ тактикалық мәселелер-цифрландыру, оқытудың жаңа технологиялары мен әдістемелері, студенттерді кәсіби конкурстарға дайындау бойынша қызықты әңгіме болды.

5 секция жұмысына 75 адам қатысты – бұл ғылым өкілдері де, сондай-ақ тәжірибешілер тұлғасындағы басқарушылар, әдіскерлер, ТжКБ ұйымдарының оқытушылары.

Қазіргі заман шындығын ескере отырып, конференция on-line режимде өтті.

Колледждің мерейтойын атап өту аясында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің үздік оқытушылары мен қызметкерлері марапатталды: Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары И.А. Щербакова, директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Кайпбаева, оқытушылар А.П. Брагинец, Е.Т. Риженко, Ж.Д. Контробаева; Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Құрмет грамотасымен – директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.К. Дюсекеева, оқу бөлімінің меңгерушісі С.Ж. Ибраева, тәжірибе меңгерушісі Ю.В. Матвиенко, әдіскер М.Б. Аскарова, оқытушылар Ж.С. Аманова, К.М. Жайлибаева, Г.И. Маканова, А.Т. Хусаинова, Л.Ф. Шакирова, кадр бөлімінің меңгерушісі А.К. Исмагамбетова, кітапхана меңгерушісі Н.Н. Терентьева.

Біз, ұйымдастырушылар үшін, бұл ғылыми форум оқу орнының 50 жыл ішіндегі даму қорытындысын шығарған аралық мәре де, сондай-ақ жаңа идеялар, жоспарлар мен жетістіктер стартына айналды.

Қостанай политехникалық жоғары колледжінің 50 жылдығына арналған ISPK нәтижелері


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
168 queries