Қостанай жоғары политехникалық колледжі – «Жас маман» жобасының жеңімпазы

«Жас маман» жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылдың 23 қаңтарында Жастар жылы ашылуының салтанатты рәсімінде берілген тапсырмасына сәйкес әзірленді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Жас маман» жобасының операторы «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ тағайындалды.

«Жас маман» жобасының мақсаты барынша сұранысқа ие 100 мамандық бойынша 180 колледж бен 20 ЖОО жаңғырту және білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.

Оқу мекемелері халықаралық салалық аккредиттеуден өтеді, содан соң олардың базаларында құзыреттер орталықтары құрылып, жастарды даярлаудағы жаппай (кешкі, жексенбілік, онлайн) курстарының жүйесі қаланады.

Өз кезегінде, жаңа орталықтар бизнес-инкубаторлар мен технопарктер үшін негіз болу тиіс, олар арқылы жастардың инновациялық стартап-жобаларын қаржыландыруын ұйымдастыруы жоспарланып отыр.

Қостанай жоғары политехникалық колледжіне «Жас маман» жобасы аясында 327 348 151 теңге көлемінде грант бөлініп отыр. Бұл қаражат ұсынылған мамандықтар бойынша материалдық-техникалық базасын сатып алуына жұмсалатын болады. Жоспарда жаңа зертханалар мен шеберханалардың құрылуы бар:

  • 1219000 Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі мамандығы бойынша:
  1. «Наубайхана ісі» құзыреті бойынша зертхана;
  2. «Нан пісіру» құзыреті бойынша зертхана.

 

  • 0902000 Электрмен қамту (салалар бойынша) мамандығы бойынша:
  1. «Электрмен қамту және электр техниканың теориялық негіздері» оқу кабинеті;
  2. Электр қауіпсіздігі бойынша оқу кабинеті;
  3. Электр машиналар мен трансформаторлар, электр жетектер мен АБ бойынша оқу кабинеті;
  4. Релелік қорғау, автоматика және электр энергетикалық қондырғыларының электр қуатының сапасы бойынша оқу кабинеті;
  5. Электр қондырғыларын монтаждау, іске қосу және жөндеу бойынша оқу кабинеті;
  6. Жаңғыртылатын қуат көздері бойынша оқу кабинеті.

 

          Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Жас маман» жобасын іске асырудың нәтижесі төмендегідей болмақ:

1) 1219000 Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі, 0902000 Электрмен қамту (салалар бойынша) мамандықтары бойынша республикалық және халықаралық деңгейлерде сұранысқа ие мамандарды даярлауға қажетті заманауи жабдықтармен жабдықтау;

2) Қостанай облысы үшін жоғары колледж базасында Құзыреттер орталығын құру;

3) WorldSkills чемпионатына қатысушыларды даярлау.

 

 

Материалды директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Ш.Қайпбаева дайындады

 


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Тұтынушылардың құқығын қорғау
183 queries