Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК Қамқоршылық кеңесі отырысы

2019 жылдың 07 маусымында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Баян Сулу» АҚ Президенті – Басқарма Төрағасы Тимур Мейрханұлы Садықовтың жетекшілігімен Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

Қамқоршылық кеңесінің жұмысына Манарбек Ауанұлы Казин – Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының адами капиталын дамыту бөлімінің бастығы, М.К.Журкабаев – «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы, Людмила Юрьевна Олкинян – «Allur Group СарыаркаАвтоПром» Корпоративтік университетінің басшысы, Жұмағұлов Серік Аканұлы – «Baltic Control Kazakhstan LTD» ЖШС өңірлік директоры, Владимир Анатольевич Кан – «Межрегионэнерготранзит» ЖШС директоры, Адэль Туребекұлы Нысанов – «Bitrix» ЖШС директоры, сондай-ақ колледждің ата-аналар қоғамының өкілдері,  А.А.Неспбаев, Allur Group СарыаркаАвтоПром Корпоративтік университетінің кадрларды даярлау бойынша инженері қатысты.

Отырыс дөңгелек үстел түрінде өткізілді, онда Қамқоршылық кеңесінің мүшелері пікірлерімен алмасты, жұмыс кәсіптерінің мәселелерін және дәріптеуді шешу жолдарын, жұмыс қолдары байқауында жастарды қолдау құралдарын, WorldSkills қозғалысының қатысушылар санын өсіру мүмкіндігін және жас мамандардың кәсіптік өсуі үшін платформаларын жасауды талқылады.

Отырыс барысында «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ «Жас маман» жобасын іске асыру аясында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің даму келешегі қарастырылды. Қостанай жоғары политехникалық колледжі  «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ еліміздің аграрлық экономика саласы үшін кадрларды мақсатты даярлау бойынша базалық колледжі болып табылады. Сұранысқа ие кәсіптерінің тізіміне сәйкес колледжбен жобаға қатысу үшін мынадай мамандықтар белгіленді: 0902000 «Электрмен қамту» (салалар бойынша), біліктілігі 0902033 Техник-электрик және 1219000 «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі», біліктілігі 1219243 Техник-технолог. Таңдалған мамандықтар өңірде өзекті және сұранысқа ие, өйткені кәсіпорындарының салалық бағыттылығына сәйкес келеді, сондай-ақ оны жоғары колледждің мамандықтар бейіні бойынша түлектерінің жұмысқа орналасудың жоғары пайызы растайды. Колледждің Қамқоршылық кеңесінің 2019-2020 оқу жылына жұмыс жоспары ұсынылды, онда Қамқоршылық кеңестің 4 отырысы жоспарланып отыр. Жұмыс жоспарына сәйкес оқу, технологиялық және диплом алды практикаларын сапалы өткізуді қамтамасыз ету, 2016-2019 жылдарға арналған БДМБ сай түлектерді жұмысқа орналастырудағы мақсатты индикаторларына жету және дуалды оқыту жүйесін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарланды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен колледжді дамытудың басымды бағыттары бойынша ұсыныстар берілді:

  • Колледжде WorldSkills қозғалысын дамыту бойынша бірлескен жұмысын жалғастыру: әлеуметтік серіктестерге «Атамекен» ҚР КҰП Чемпионат қатысушылары үшін кәсіпорындарында дайындық курстарын өткізуге өтінім беру арқылы;
  • «Атамекен» ҚР КҰП «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ, «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ, кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен осы ұсынысты және жергілікті атқару органдарының тарапынан қаржыландыру қажеттілігін қарастыру үшін дөңгелек үстел өткізу;
  • 0902000 «Электрмен қамту» (салалар бойынша) мамандығының 0902033 Техник-электрик біліктілігі және 1219000 «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі» мамандығының 1219243 Техник-технолог (аграрлық саласы) біліктілігі бойынша «Жас маман» жобасына қатысуға колледждің бастамасын қолдау.

 

Материалды дайындаған: директордың ҒӘІ жөніндегі орынбасары Кайпбаева Ж.Ш.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries