Қостанай ауданының мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді жүргізді

Бүгінгі таңда мектеп түлектері арасында кәсіптік бағдар беру жұмысының маңыздылығы айтарлықтай артып келеді.

16 Сәуірде колледж оқытушылары Ибраева С.Ж., Риженко Е.Т., Сагумбаев М. К., Ахмадиева Л. Х. Қостанай ауданының мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді жүргізді.

Олар: “Мичурин жалпы білім беру мектебі” ММ, “Садчиков жалпы білім беру мектебі” КММ, “Алтынсарин жалпы білім беру мектебі” КММ, “Садовая жалпы білім беру мектебі” КММ, “Константиновка негізгі орта мектебі”КММ. 

Оқытушылар мамандықтар, сондай-ақ қабылдау шарттары туралы ақпарат берді, имидждік бейнероликтер мен презентациялар көрсетті, ақпараттық буклеттер таратылды. Әр мамандық бойынша сипаттама, оқу түрі мен мерзімі жайлы түсіндірді. Оқытушылар колледждің жетістіктері мен даму перспективалары және оның материалдық базасы туралы айтып берді.

Түлектер қызығушылық танытты, белсенді әңгіме жүргізді, сұрақтар қойды. Оларға студенттік өмір туралы тақырып та қызықты болды: секциялар мен үйірмелер.

Ақпаратты дайындаған шетел тілі мұғалімі:Ахмадиева Л. Х.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
168 queries