Қостанай қалалық ардагерлер кеңесінің VI Пленумы

2018 жылдың 20 сәуір күні «ЖАС-ҰЛАН» әскери-патриоттық үйірмесінде айналысатын Қостанай жоғары политехникалық колледжінің ТЗ-21 тобының студенттері  «Рухани жаңғыру» және «Туған жер» бағдарламасы аясында білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша қалалық ардагерлер кеңесі мен Қостанай қ. әкімдігінің білім бөлімімен бірлескен жұмысы туралы» атты тақырыбы бойынша қалалық Ардагерлер кеңесінің Пленумына қатысты.

Аталған іс-шара Қостанай қаласы № 4 орта мектебінің Әскери Даңқ мұражайынынң негізінде өтті, оған ҰОС қатысушылары, әскери-патриоттық клубтарының жетекшілері мен оның тәрбиеленушілері шақырылды.

Іс-шара Әскери Даңқ мұражайы бойынша таныстыру экскурсиясынан басталды. Содан кейін кездесудің барлық қатысушылары алдында Қостанай қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ю.А. Харьяков және Қостанай қ. әкімдігінің білім бөлімінің сектор жетекшісі Ш.И. Шегенова, №4 ОМ директоры Б.К. Кажиякбаров, «Қайсар» ӘПК жетекшісі А.А. Бадерин және Ұлы Отан соғысының қатысушысы М.И.Подоляков сөз сөйледі.

Аталған кездесулер, ең алдымен өскелең ұрпаққа қажет. Ол жастардың ұлтжандылық сезімін, өз еліне деген мақтанышын тәрбиелейді, ардагерлерді құмет тұтуға үйретіп, шынайы ұлтжанды, Отан қорғаушы бейнесін қалыптастырады.

 

Мақаланы Фатхудинов Р.Р.дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
186 queries