- admin
- 21.06.2022
- No Comments
- Жаңалықтар
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК бітіруші топ студенттерінің қорытынды аттестаттауы басталды.
Қорытынды аттестаттау – бұл тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. Колледж студенттері жұмыс оқу жоспарына және бекітілген сабақ кестесіне сәйкес, қорытынды аттестаттауға қатысып, өзінің оқу нәтижелерін растайды және еңбек қызметіне өзінің кәсіби дайындық деңгейін көрсетеді.
Қорытынды аттестаттау комиссиясы студенттердің кейбір топтарында орындалған дипломдық жобаларды бағалаудың объективтілігі және басқаларында билеттерге жауаптар үшін құрылады. Әрбір мамандық бойынша комиссия құрамына жұмыс берушілердің өкілдері кірді, олар колледж студенттерінің білімдері мен дағдыларын жоғары бағалады.
Колледжде екінші жыл қатарынан 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша) біліктілігі 5АВ06120101 Есептеу техникасы және ақпараттық желілердің қолданбалы бакалавры мамандығы бойынша қолданбалы бакалаврларды шығару жүзеге асырылуда.
Барлық студенттерге қорытынды аттестациядан сәтті өтуін тілейміз.
Директордың ОІ жөніндегі орынбасары
И.А. Щербакова