“Оқуға құштар колледж” тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2022 жылдың 27 қазанында  1Б-2 тобының студенттері арасында «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз»атты әдеби викторина өткізіліп

ұлы Абайдың шығармалары мен ол туралы жазылған кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: студенттердің ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін қорытындылау, ой-өрісін, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, Абайдың шығармашылық мұрасын құрметтеуге, көп оқуға, көп білуге, ​​құштарлыққа тәрбиелеу.

Шара барысында студенттер ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы,  аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырған Абай Құнанбайұлының өмірбаяны мен шығармашылығы  бойынша ұсынылған викториналық сұрақтарға белсенді жауап беріп, білімдерін ортаға салды.Әдеби викторина қазақтың ұлы ақыны, жазушысы, философ-ойшылы Абай Құнанбаевты тұлға ретінде терең түсінуге жол ашты.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
166 queries