Наурыздың алғашқы жаршысы – Көрісу күні

12.03.2021 ж. Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Наурыз мейрамын мерекелеу шеңберінде «Амал күні – көрісу» тақырыбында іс-шара өтті.

   Іс-шараның мақсаты студенттерді қазақ халқының ежелгі дәстүрінің бірі «амал күнінің» ерекшеліктерімен таныстыру, қарттарға құрмет көрсету, алғыс айту, мейірімділік тілеу, жастар арасында дәстүрлер мен мерекелерді насихаттау.

 Құттықтау сөздерімен директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Дюсекеева Л.К. сөйледі, ол өзінің сөзінде Көрісу күні, немесе Амал мереке – бұл адамдарды серіктестікке, ұйымшылдыққа және бірлікке тартатын дәстүр екендігін атап өтті.  

  Іс-шара барысында студент-белсенділер көрермен-бірінші курс студенттеріне қазақ халқының ежелгі дәстрі «Амал күні» туралы айтып берді.   Атап айтқанда, 14 наурыз үшінші ай Амал айы, көктемнің бастауы болып саналатынын атап өтті.  Көрісу – қазақ халқының ежелгі дәстүрі. Наурыз мерекесінің маңызды дәстүрлерінің бірі амандасу мен кешірім. Амал – көрісу мерекесінің міндетті шарты – көрісу, басқаша айтқанда қол алысу.   Мереке күні ағайындылардың жастары бойынша ересектерінің үйіне барып, мына сөздерді айтады: «Бір жасыңмен!», «Жасыңа жас қосылуымен!». Ақсақалдар бата береді – алғыс және тілектер айтады: «Жасың ұзақ болсын!» – «Сенің жылдарың әрқашан бақытты болсын!». Дәстүр бойынша адамдар қол алысады, содан кейін үш рет төстерін айқастыра құшақтасады. Ал әйелдер бір біріне кезектесе оң иығы, сосын сол иықтарын тигізулері қажет.  Сонымен, көрісу – Наурыздың жаршысы.

  Мерекеде көрермендер-бірінші курс студеттері қазақтың дәстүрлі тағамы – бауырсақтан ауыз тию мүмкіндігіне ие болды.

  Мурзагалиева Д.С., жастар ісі жөніндегі Комитет инспекторы, өзінің сөзінде Амал дәстүрі, немесе Көрісу бір күнмен шектелмейді, және бұл міндетті болып саналмайды, бұл әр тәрбиелі адамның  өмір сүрі қағидаты болып табылады.Студенттерге өз халқының дәстүрлерін ұмытпай, үлкендерге құрмет көрсете білудің маңыздылығын атап өтті.  

   Іс-шара соңында бірінші курс студенттері «Кара жорға» биін билеп берді.


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
166 queries