«Наурыз – көктемнің туу мерекесі»

Наурыз – көктемгі жаңару мерекесі. Наурыз көктемгі жаңару, махаббат пен достық салтанатының символы болып табылады. Дәстүр бойынша Наурыз мерекесіне қонаққа бару керек, Қостанай жоғары политехникалық колледжінің еріктілері дәстүрді бұзбау үшін мерекелік бағдарламасымен Қостанай облыстық балалар үйіне баруды шешті.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – Наурыз мерекесіне деген сүйіспеншілігін дарыту, Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлтаралық қарым-қатынастарының мәдениетін тәрбиелеу, қазақ халқының мәдени мұрасына деген құрметін тәрбиелеу, Балалар үйі тәрбиеленушілерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Бұл күні барлық қатысушылардың көңіл-күйі көтеріңкі болды, еріктілер өлең айтып, би биледі, ұлттық ойындарын ойнатып, ыстық шай және бауырсақпен сый құрмет көрсетті. Мереке балалар үшін би кешімен аяқталды.

Ақпаратты ұйымдастырушы педагог А.В.Пушкарева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
166 queries