Өмірде өз орнын табу

Өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білу, кәсіпті дұрыс таңдай алу мәселесіне көмек көрсету үшін Қостанай жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары Қарабалық және Сарыкөл ауданы мектептерінің 9 және 11 сынып оқушыларымен кездесті.

Арнайы пәндерінің оқытушысы Жібек Серік Сарыкөл ауданының оқушыларына сұранысқа ие техникалық мамандықтары жөнінде кеңес берді. Спорттық іс-шаралары туралы, студенттердің жетістіктері туралы, тегін білім алу, кепілді жұмыспен қамту жөнінде Виктор Щербаков баяндап берді. Колледждегі әскери-патриоттық жұмысы туралы ақпаратын Ринат Фатхутдинов баяндады.

Колледж қызметі туралы, мамандарды даярлау және халықаралық білім беру орталықтарында тәлімдемеден өту туралы, Жастар ісі жөніндегі комитетінің жұмысы туралы қызықты және пайдалы ақпаратымен Дастан Беков Қарабалық ауданының оқушыларымен бөлісті.

Оқушылар колледжде даярлау жүргізілетін мамандықтарға қызығушылық танытты, барлық сауалдарға оқытушыларымыз құзыретті жауаптар беріп, колледжге шақырды, олардың колледж сайтында сауалдар қоя алатындары жөнінде де айтты.

Кәсіпке бағдар беру кездесулері мен талапкерлерге кеңес берулер кәсіп таңдаумен қатар, өмірде өз орнынды табуға көмек беретіндеріне сенеміз! 

Мектеп директорларына және жеке білім бөлімінің әдіскері А.А.Нурмухамедоваға кәсіптік бағдар беруді өткізуде жақсы ұйымдастырушылық пен жылы шыраймен қабылдағаны үшін алғыс білдіреміз!

Ақпаратты А.Сегизбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
176 queries