«Мереке жақындап келуде»

Жаңа жылдық мерекелер тым жақын болған сайын әрқайсысымыз таңғажайыпқа сенуді қалаймыз. Әлбетте, Аяз Атаға деген барлық «тапсырыстарымызды» жақындарымыз орындайтынын білеміз. Алайда, өкінішке орай, әрқайсының жанында өз сиқыршысы мен ертегілік перизаты жоқ.

30 желтоқсан күні «Мейірімді жүрек» Қостанай жоғары политехникалық колледжінің еріктілері Қостанай облыстық балалар үйінің балаларына қуаныш сыйлап, жаңа жылдық мерекесін өткізді.

Еріктілердің орындауындағы жаңа жылдық қойылымына барлық балалар нағыз мерекелік атмосферасына ене алды. Студенттердің актерлік ойыны мен театр өнерінің дағдыларын балалар өте жоғары бағалады. Қызықты конкурстардан, тартымды би мен ән орындаулардан тұрған мереке бағдарламасы балаларға зор әсер етті. Балаларды құттықтау үшін Аяз Ата мен Ақшақар келіп, оларға тәтті сыйлықтар сыйлады.

Іс-шара соңында балалар еріктілерге мерекелік көңіл-күй сыйлағаны үшін алғысы ретінде қағаздан өз қолдарымен жасаған көпірді сыйлады.

Ақпаратты ұйымдастырушы педагог А.В.Пушкарева дайындады  


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
175 queries