«Мен сені сүйемін, өмір!» плакаттар мен суреттер байқауы

Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Мен сені сүйемін, өмір!» атты шығармашылық плакаттар мен суреттер байқауы өтті. Байқау профилактикалық іс-шаралар аясында және «Шабыт» жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты — студенттерде өмірге, денсаулыққа деген құндылықты қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және көркемдік талғамды жетілдіру.

Іс-шараға 1-ден 4-курсқа дейінгі студенттер қатысты. Жас суретшілер өз идеяларын қағаз бетінде шығармашылықпен, бірегейлікпен және шынайылықпен көрсетті. Жұмыстар әртүрлі техникамен және жарық бейнелермен ерекшеленді, бұл көрмеге шынайы шығармашылық атмосферасын берді.

Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды:

  • 1-орын — 1Б-9, 1ХП-27, 1ТЗ-31, 2М-13, 2М-14
  • 2-орын — 1СИБ-1, 3СТ-7
  • 3-орын — 1СИБ-2,1А-4

Байқау тек өнерлік қабілеттерді көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, жастар арасында салауатты және позитивті өмір салтын тәрбиелеуде маңызды қадам болды. Барлық қатысушылар позитивті эмоциялар алып, жаңа шығармашылық жобаларға шабыттанды.

Қалқаман А.Қ., Жастар ісі жөніндегі комитеттің инспекторы

#адал_азамат


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *