Мектеп оқушыларымен кәсіптік сынамалар

28 қараша күні ЦӘК төрайымы Марина Курьерованың жетекшілігімен электротехникалық пәндерінің оқытушылары кәсіптермен таныстыру үшін мектеп оқушыларымен кәсіптік сынамалар ұйымдастырды. Қаланың №№2, 4, 7, 10, 14, 18, 22, 115  мектеп оқушыларынан құрылған командалар  Э-10 тобы студентінің қолдауымен мамандықтар бағыты бойынша өтті. Оқытушылар Мади Умаров және Данияр Кабдуалимен бірге оқушылар электротехника бойынша сұлбалар жасауға үйренді.  УЭС-10 тобының студенттері өндірістегі тәжірибелік сабақтар барысында өз тәжірибелерімен бөлісіп, Түркия мемлекетінде тілдік тағылымдамадан өту жөнінде баяндап берді. Оқытушылар Замира Сабитова, Юрий Щукин және Арман Акушкаров электротехника саласындағы жұмыс ерекшелігі жайлы әңгімеледі және қонақтарымызды қызықтырған барлық сауалдарына жауап берді. Мектеп оқушылары мұражайға да барды, онда Бауыржан Байгентов мұражай қызметімен таныстырды.

Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
163 queries