«Махаббатқа толы жүрек» тақырыптық сабақ

«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты оңкүндігі аясында 06 ақпан күні «Махаббатқа толы жүрек» тақырыптық сабағы өткізілді.

Іс-шара мақсаты туғандар мен туысқандардың арасында мейірімділік, сүйіспеншілік пен достық, өзара көмек беру және толеранттылық идеалдарын жылжыту, рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу болып табылады.

Сабақ барысында «Махаббатқа толы жүрек» атты тақырыбында тренингтер, ойындар, өлеңдерді мәнерлеп оқу өткізілді. Іс-шара соңында студенттер эссе жазып, өздерінің туғандар мен туысқандарына арналған жылы лебіздерін білдірді.

Рефлексия кезеңінде студенттер адам және жалпы адамзаттың өміріндегі ең басты құндылық – ол сүйіспеншілік екенін сезінді.

Ақпаратты педагог-психолог В.Р.Туленова дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
167 queries