Маңсаптық тәлімгерлік және ТжКБ кәсіптерінің мәртебесін арттыру

Қазіргі уақытта маңсаптық тәлімгерлік пен ТжКБ кәсіптерінің мәртебесін арттырудың белсенді құралы ретінде WorldSkills кәсіптік шеберлік чемпионаттары болып келеді.

2017 жылдың қазанында колледж студенті Валерий Коцуренко және жас маман Александр Давыдов WorldSkills AbuDhabi 2017 әлемдік чемпионатында «Электромонтаждау» және «Веб-дизайн» құзыреті бойынша қатысты. WorldSkills Abu Dhabi әлемдік чемпионаты 51 құзыреті, алты жұмыс кәсіптер блогында: құрылыс, IT-технологиялар, өнер және дизайн, өнеркәсіптік өндіріс, қызмет көрсету саласы және азаматтық көлікке қызмет көрсету бойынша өткізілді. Әлем чемпионатына барлығы әлемнің 77 елдерінен 1300 байқауға қатысушы, 1500 астам сарапшы қатысты. Қазақстанның ұлттық құрама командасы 23 құзырет бойынша қатысты.

WorldSkills Competition әлемдік чемпионатының нәтижелері бойынша Қазақстан 24 орынға иеленді. 44 әлемдік чемпионатында 77 елдерінің үздік өкілдері арасында жұмыс мамандықтарының бөлек құзыреттері бойынша көшбасшылар анықталды. Қазақстан Орта Азияның жалғыз өкілі болды.

Мәне, бүгін, тәжірибе жинақтап және әлемдік чемпионатқа қатысу нәтижелерін талдай отырып, сарапшылар, жаттықтырушылар, арнайы пәндерінің оқытушылары чемпионаттың ұлттық операторы «Кәсіпқор» Холдингімен бірлесе отырып, байқауға қатысушыларды сапалы даярлау бойынша ұсыныстар әзірлеуде.

2017 жылдың 27 қазан күні Қостанай жоғары политехникалық колледжі базасында өткен «Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнының сапасын дамытуды қамтамасыз ететін орталығы ретінде ТжКБ ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестіктер моделі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Worldskills стандарттарын ескерумен білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту, материалдық-техникалық базаны жабдықтау мәселелері талқыланды.

Конференция қатысушылары ағылшывн тілін үйрену және арнайы пәндерін ағылшын тілінде оқыту чемпионат қатысушыларының мүмкіндіктерін арттырады деп айтты.

Worldskills чемпионатының салалары бойынша құзыреттілік орталығын ашу мәселесі қызу таласты туғызды. Қазіргі уақытта аталмыш орталықтарының бірыңғай нормативтік-құқықтық құрылымдаушы қызметі жоқ, Республика деңгейінде кадрлық және қаржылық қамсыздандырудың шешілмеген сұрақтары да бар.

Чемпионат салалары бойынша құзырет саласында курстық дайындықты ұйымдастыру арқылы педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша және байқауға қатысушылардың Таяу және Алыс шет елдерінің кәсіптік байқауларына қатысу бойынша ұсыныстары әзірленді.

WORLDSKILLS чемпионатының қатысушыларын даярлау жүйесіне осындай кешенді амалы әлемдік стандарттарының деңгейінде түлектерді даярлаудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету секілді техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі алдында тұрған басты міндетті шешуге мүмкіндік береді.

Ақпаратты директордың АТ жөніндегі орынбасары И.С.Хармей дайындады


Warning: Undefined variable $post_id in /var/www/www-root/data/www/kpvk.edu.kz/wp-content/themes/CollegeStyle/comments.php on line 4
Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
165 queries